Сайтымызға қош келдiңiз!

«Балапан» бағдарламасы негізінде , Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 26-шы наурызындағы № 321 қаулысымен «Құрама үлгідегі №28 «Балдәурен » балабақшасы мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны» құрылып, күрделі жұмыстары жүргізіліп , 2010 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Бөбекжайда  екі жастан алты (жеті ) жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Оқу қызметі жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша таңертеңгі 8.00-ден кешкі 18.30-ғадейін  топтар жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда 10 топпен оқу қызметі жұмыстары жүргізіледі. Бөбекжайда жас ерекшелігіне сай, яғни ІІ- сәбилер тобында 3 жастан 4 жасқа дейінгі сәбилер 4 (төрт) топ, естиярлар тобында 4 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер 3(үш) топ, ересектер тобында 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 3(үш) топ  бүлдіршіндері тәрбиеленуде.