АНАЛАР-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым» 

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б 

Ертеңгіліктің барысы: 
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші: 
Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық. 

Хор: «Ақ мамам» 

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Темірхан
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Айым
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
К. Камила
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

З. Камила
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жанель
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «Мамочка биін» 

Би: «Мамочка»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады. 
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді) 

-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)

Мен тәттімін, 
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма: 
Ойын: «Қағаз киім» ( аналар ұлдарымен)
Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі. 

2- Кәмпиттегі тапсырма : 
Би: «Балапандар»

Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
3- кәмпиттегі тапсырма:
Ән: «Әжетайым» (ұлдардың орындауында)
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

Айпара
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

Р. Аружан
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Али
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Анель
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

4- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Кәмпит тасу» (аналары мен балалары)
5- кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Бал биі»
Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Ислам
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!

Жантемір
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Ескендір
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Эсма
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!

Елдар
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

С.Аружан
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші: 
Мерекені қарсы алып, 
Мәз болғанда барша жұрт, 
Гүл ұсынып қыздарға, 
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 

Тәрбиеші: 
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ... 

Жарияланған күні: 13-02-2015  
Оқылған саны: 2035



Біз мектепке барамыз

iconБүгін бүлдіршіндер бөбекжайдан тәлім тәрбие алып, өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан бөбекжаймен қоштасып 1сыныпқа қадам басты. Талаптарың таудай болып, қанаттарың талмай, биіктерге самғай беріңдер талапты бүлдіршіндер.  ...

Жарияланған күні: 22-05-2019  
Оқылған саны: 461

Ұлы жеңіс- ұрпаққа аманат!

icon9Мамыр жеңіс күні мерекесі Отан үшін, елі үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу, үлгі ету мақсатында топтарда ертенгілік өткізілді. Ертенгілікке балалар мерекеге сай киімдер киіп, бейбіт еліміз туралы әндер шырқап, билер биледі.Жеңіс мерекесі соңында елімізде тек бейбітшілік болсын деген ұранмен әуе шарларына бейбітшілік құсы көгершін байлап ұшырды. Еліміз аман болсышы.Бұл кішкентай бүлдіршіндердің тілегі. ...

Жарияланған күні: 02-05-2019  
Оқылған саны: 413

Достығымыз жарасқан

icon1-Мамыр ынтымақ күні мерекесіне орай бөбекжай бүлдіршіндері бөбекжай алаңына шеруге шықты. Ынтымақ, достық тақырыбында жоғарғы топ балалары ән шырқады. Әр ұлт өкілдерінің киімдерін киген балалар әр ұлттың биін билеп өнер корсетті. Бір шаңырақ астындағы әр ұлт өкілдерінің достығын дәлелдейтін мереке жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп отырады. ...

Жарияланған күні: 23-04-2019  
Оқылған саны: 406

Келді міне Әз-Наурыз!

iconҰлыстың ұлы мерекесі Наурыз мейрамын ерекше тойлап өту үрдіске айналған.Ұлттық киімдерін киген тәрбиешілермен бірге балалар да залға көрік беріп тұр.Салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымыз туралы күнделікті балаларға үйретіп жүрсек те,бұл мерекеде ерекше тоқталып өтеміз.Ұлттық киімдер,ұлттық бұйымдар,ұлттық тағамдарымызбен күні бүгінге дейін сақталып келе жатырған ұлттық тәрбиемізбен мақтанатын ерекше халықпыз.Негізгі алға қойған мақсатымыз да ұлттық тәрбие екенін мақтанышпен айта аламыз. ...

Жарияланған күні: 14-03-2019  
Оқылған саны: 366

Ана аса қымбатты жан.

iconБөбекжай бүлдіршіндері аналар,арулар мерекесіне арналған ертеңгілікке тәрбиешілермен бірлесе отырып ерекше көңіл күймен қатысты.Әсем гүлдер болып билеген кішкентай қызғалдақтарға аналары ерекше риза болды.Бірі аналарына өлең шумақтарын арнаса бірі жүрек тәрізді шарлар ұсынып жылы сөздерін арнады.Мерекеде ата-аналармен ойын ойнатылып,аналардың да жақсы сөздеріне кезек берілді. ...

Жарияланған күні: 04-03-2019  
Оқылған саны: 370

Алғыс айту күні

1 - наурыз алғыс айту күніне орай топтарда бүлдіршіндер апайларына жүректерінен шыққан жылы сөздерін, айтып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Ән-саз жетекшісіне жоғары топ бүлдіршіндері өз тілектерін арнады.Алғыс айтуды шаттық шеңберімен бастаған топ балалары бір-біріне және апайларына жүрек ұсынып алғыс айтты. Тілек соңы "ризамын" әніне жалғасты. ...

Жарияланған күні: 28-02-2019  
Оқылған саны: 343

Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

iconЖаңа жыл мерекесін балалар аяз атадан сыйлық аламыз деп асыға күтеді. Ақ қарымен ерекше қыс мезгіліне сай ән залымызды безендіріп, түрлі өнерлерімізбен жаңа 2019 жылды қарсы алдық. Кішкентай топ балалары түрлі аңдар киімін киііп, би билеп мәз болды. Балалар өнеріне риза аяз ата тәттіден сыйлықтар таратты. Түрлі мерекелік киімдер киген балалар мен қатар ұжым педагогтары кешке ерекше атсалысты. Ескі жылмен қоштасып жаңа жылға сәттілік тіледі.  ...

Жарияланған күні: 21-12-2018  
Оқылған саны: 399

Тәуелсіздік күні

icon«Тәуелсіз елім Қазақстан» Бөбекжайымызда Тәуелсіздік мерекесіне орай естиярлар мен ересек топтар арасында ашық сабақтар өткізілді. Әсем безендірілген залда бүлдіршіндер белсенділік танытып, оқу қызметіне ерекше атсалысты. Еліміздің Тәуелсіздікке жеткендігі туралы және қайсар, қайратты аға-апалары туралы толықтай мәлімет берілді. Балалар Қазақстан елінің перзенттері екенін мақтан тұтты.  ...

Жарияланған күні: 10-12-2018  
Оқылған саны: 389

Елбасы енселеткен - Елорда

iconҚазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назараевтың өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын халқын сүйюге, ержүректілікке азаматыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу. 1- желтоқсан Елбасы күніне орай ертеңгіліктер өткізілді. Осындай Елбасымыз бар, біз бақытты балалармыз деп мақтанышпен ән шырқады. ...

Жарияланған күні: 28-11-2018  
Оқылған саны: 325

Берекелі алтын күз!

iconАлтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жыл мезгілдерінің өзгерістері туралы мағлұмат беру. ...

Жарияланған күні: 22-10-2018  
Оқылған саны: 478

Тіл апталығы "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"

Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой өрісін сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.  Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына. ...

Жарияланған күні: 26-09-2018  
Оқылған саны: 354

«Денсаулық- басты байлық»

iconМектеп жасына дейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру және ата-ана мен жақсы достық қатынасын қолдау. Балалардың спорттық ойындарымен, жаттығуларымен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту бағытында спорттық сайыс өткізілді. ...

Жарияланған күні: 25-09-2018  
Оқылған саны: 722

Білім күні

1 - қыркүйек білім күні. Балаларға білім күні мерекесінің қоғамда алатын орнын көрсету; Меркелік көңіл-күй орнату; балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту мақсатында білім күніне орай бүлдіршіндермен ісшара өткізілді.  ...

Жарияланған күні: 03-09-2018  
Оқылған саны: 367

БІЛІМ БАСТАУЫ БӨБЕКЖАЙДА

Бөбекжай  алаңында 1 қыркүйек білім күніне арналған  «Білім бастауы-бөбекжайда» мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекені бөбекжай директоры бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтап өзінің тілегін айтты. Қазақстан Республикасының гимнімен басталып, бөбекжай бүлдіршіндері жылы лебізін  айтып, мерекелік әндерін шырқап, билерін биледі. Қыркүйектің 05– 12 аралығында  «Қазақ тілі -Қазақстанның болашағы!» атты тіл апталығы өтті.Ересек топтар арасында «Отаным Қазақстан» тақырыбында  мәнерлеп оқу...

Жарияланған күні: 12-09-2017  
Оқылған саны: 604

БІЛІМ БАСТАУЫ-БӨБЕКЖАЙДА

icon«Білімнің бастауы – бөбекжайда»(мерекелік шара)Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір білім...

Жарияланған күні: 01-06-2015  
Оқылған саны: 4101

МЕРЕКЕЛІ,БЕРЕКЕЛІ-АЛТЫН КҮЗ

1.Жүргізуші: Тоңазып отырыпКөп жеміс піседіСарғайып жапырақСудырап түседі.Үстінде егінжайСалқын жел соғады.Гүл,жапырақ шөптер деҚурап солады.Айтындаршы балаларБұл қай кезде болады?Балалардың жауабы. /Күзде/Балалар орындарына отырады.2.Залға сазды әуенімен Күз кіреді. Амансыңдар ма балалар,Ерінбестен еңбек етіп келетін.Еңбекшіге бар жемісін беретін,Мен –Алтын күзЫнтымақты елімеБерекелі ырыс болып енетін.Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді...

Жарияланған күні: 29-05-2015  
Оқылған саны: 3639

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕЛБАСЫ

iconМақсаты:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік беру.Отанын сүйуге,елі сүйген елбасымыздан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілік:Елбасы жане рәміздеріміздің суреті, «Ақорда» суреті.Слайд. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.  Амандасу шеңбері: -Күніміз шуақты болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Елімізде тыныштық болсын!  Әнұран: (балалар әнұран айтады) -Балалар казір жылдың қыс мезгілі, бүгін қыстың алғашқы айының,ең алғашқы күні. –Балалар қыс...

Жарияланған күні: 22-05-2015  
Оқылған саны: 10042

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ

Тәуелсіз елім-Қазақстан Елім менің, тәуелсіздік жерім менің, Күннен алған шуақты өмір демің. Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп, Көк байрағың төбемнен көрінген күн! Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан! Міне, бүгінгі күн, бүгінгі қуаныш,бүгінгі мереке,біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың аңсап,армандап, сол арманның орындалған күні. Яғни Еліміз 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз республика болып жарияланды. Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балалар....

Жарияланған күні: 08-05-2015  
Оқылған саны: 3643

ЖАҢА ЖЫЛЫМ ҚОШ КЕЛДІҢ

iconЖүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Еркем - ай» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады) (музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз...

Жарияланған күні: 20-03-2015  
Оқылған саны: 2151

ТУҒАН КҮНІҢМЕН БАЛАҚАЙ

iconМақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке,досттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар, тақпақтар,өлеңдер айтқызу. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер «Туған күніңмен, досым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Туған күн бүл тамаша Би билейміз жараса Туған күнде ән салып Көңілденеміз...

Жарияланған күні: 06-03-2015  
Оқылған саны: 2741

АНАЛАР-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым» Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Ертеңгіліктің барысы: Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде...

Жарияланған күні: 13-02-2015  
Оқылған саны: 2035

АРМЫСЫҢ,ӘЗ НАУРЫЗ!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;  Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге  тәрбиелеу;  Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.  Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.  Барысы:  І Кіріспе  Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:  «Наурыз құтты болсын!»  «Жыл басы- наурыз!»  «Наурыз...

Жарияланған күні: 26-12-2014  
Оқылған саны: 2586

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ

Мақсаты:Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Барысы:Жүргізуші: Бірінші мамыр!Достықтың ұлы мейрамыТоғысар сенде жандардың ізгі ойларыТатулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 -...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 3682

ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАБАЛАР

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Ән: Ән ұран.Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 2183

12