АРМЫСЫҢ,ӘЗ НАУРЫЗ!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; 
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге 
тәрбиелеу; 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. 
Барысы: 
І Кіріспе 
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: 
«Наурыз құтты болсын!» 
«Жыл басы- наурыз!» 
«Наурыз құт әкелсін!» 
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» 
Залда әсем әуен ойнап тұрады. 
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты 
болсын! 
Келе жатыр жылымыз, 
Мейрамдаймыз мұны біз. 
Халқы сүйген мейрамды 
Қарсы алайық Наурызды! 
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) 
Наурыз қыз: 
Наурыз тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр аңыз. 
Қызып дулы мереке 
Қызық думан құрамыз. 

1 бала: Қош келіпсің Наурыз! 
Арман тойы халықтың. 
Қуанышы халықтың, 
Құтты болсын қадамың! 

2 бала: Би биледік бәріміз! 
Егін өңін толқытқан, 
Елдің көңілін шалқытқан. 
Бас иеміз- Наурыз! 

3 бала : Сені тойлап қарсы алып, 
Бар әлемге жар салып, 
Сәлем бердік, біз сізге! 

ІІ. Негізгі бөлім: 
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. 
Көрініс. 
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) 
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. 
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? 
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. 
Мыстан: Сен маған не бересің? 
Шал: Бір отар қой беремін. 
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. 
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал. 
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? 
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. 
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. 
Мыстан алтын сақаның жанында отырады. 
( Бала сақасын іздеп шығады) 
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? 
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. 
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады. 
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. 
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар. 
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз. 
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. 
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) 
Мыстан: Жарайсыңдар! 
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе? 
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер 
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) 
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. 
Қыздар: Енді, жібересіз бе? 

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма? 
( Айтыс өнерін көрсетеді) 
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой. 
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе? 
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) 
Ұлттық ойындар ойналады. 
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты. 
(Қыздар жиналып ақылдасады) 
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе 
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің. 
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін. 
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. 
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. 
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! 
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен? 
( Тақтақтатып Махамбет келеді) 
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды 
деп ат басын бұрып едім. 
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. 
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз. 
- Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі. 
ІІІ. Қорытынды: 
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз 
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. 
Қызыр ата батасын береді. 

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Барлық халық бақытты болсын, 
Қош ,сау болыңыздар, халайық! 
Көріскенші күн жарық болсын!  

Жарияланған күні: 26-12-2014  
Оқылған саны: 2388



БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

iconСаз залы әсем безендірілген , көңілді әуен ойналып тұрады, ересектер тобының бүлдіршіндері жұппен бір ұл, бір қыз болып, қол ұстасып залға кіреді. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата- аналар, балабақша ұжымы! Бөбек - жайымыздың 2014 жылғы түлектерінің « Балабақшамен қоштасу мерекесіне » қош келдіңіздер!Біздің түлектеріміз өмірге араласпақшы. Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз....

Жарияланған күні: 27-11-2014  
Оқылған саны: 3981

1
2