БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

Саз залы әсем безендірілген , көңілді әуен ойналып тұрады, ересектер тобының бүлдіршіндері жұппен бір ұл, бір қыз болып, қол ұстасып залға кіреді.

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата- аналар, балабақша ұжымы! Бөбек - жайымыздың 2014 жылғы түлектерінің « Балабақшамен қоштасу мерекесіне » қош келдіңіздер!Біздің түлектеріміз өмірге араласпақшы. Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін – балабақшамыздың түлектерін қошеметпен ортамызға шақырайық.
Балалар өз жұптарымен ортаға шығады.

Сөз балабақша меңгерушісі Имандосова Мәдина Құдайбергенқызына беріледі.

Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Балаларым жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Алдияр:
Балалардың базары,
Ұстаздардың назары.
Бөбекжайым – «Қызғалдақ»
Ауыл көркі, ажары!

Ерасыл:
Үш тұғырлы тілді оқып,
Білім алған балалар.
Болашақтың иесі,
Әрбір маман бола алар.

Мейрамбек:
« Қызғалдағым » құт – мекен
Елбасының өзі ашқан.
Тәжірибе алаңы,
Болашақпен ұштасқан.

Жүргізуші:
Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Сендер осы балабақшада тек ойнап қана қойған жоқсындар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Ал, балалар, нені үйрендіңдер, кім айтады?
Қарақат:
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында!

Ернұр:
Очень нравится ребята,
Нам английский изучать.
Поначалу, правда трудно,
Много надо повторять.

Естай:
Кошка – cat,
А крыса – rat.
Шляпа – hat,
А коврик – mat.

Аяна:
Папа – father
Мама – mother
Брат есть – brather у меня,
Тетя – aunt
И дядя – uncle.
Вот и вся моя родня.


Жүргізуші:
Хор: « Әже жүрші мектепке » әні.

Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.


Берік:
Орын берген бақшадан
Мәдина Құдайбергенқызы жақсы адам!
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Гүлжазира:
Баулап, баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек, кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз Гүлсім апай, өзіңізді!

Микель:
Өзіңді өзің танысаң.
Әлемнің сырын білерсің
Гаухар апайды тыңдасаң,
Әдепті бала боламыз.

Жасмин:
Сазгер Мая апайды,
Тыңдаймыз, жақсы көреміз.
Әнді бірге үйреніп,
Биді бірге билейміз.

Ерасыл:
Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен Нұршат апайға 
Алғысымыз мол айтар!

Тамерлан:
Дене шынықтыру сабағын,
Асыға күтіп тұрамыз
Сайлаған Елдос ағайға 
Рахмет бізден айтамыз!

Жүргізуші: Сонымен бірге дәмді тамақ пісірген аспазшы, медбике, есепші апайларымызға деген зор алғысымызды әсем биімізбен жеткізейік. 

« Қоштасу вальсі» биі.

Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.



Дильназ:
Милый садик помни нас,
Вот настало расставание,
Воспитатели родные 
Мы уходим в первый класс!

Мерей:
Қош балалар бақшасы!
Естен кетпес есімің,
Қош балалар бақшасы!
Алғаш ашқан есігім.

Жүргізуші:
Қане, балалар көңілімізді түсірмейік! Жақсы көңілмен , тамаша бір би билейік!
« Ковбой» биі (ұлдар билейді).

Жүргізуші:
Құрметті ата- аналар, бой жазып, көңіл көтеріп, ойын ойнайық?!
« Сөз ойла, көп ойла!» ойыны.

Ойын шарты: Ортаға 4 ата-ана шақырылады. Көздерін байлап, конверт таңдап алады. Конверт ішінде әріп беріледі. «А, Б, Е, Қ». Әрбір ата- анаға тапсырма беріледі сол таңдаған әрпінен басталатын адам атын, тағам атын, қаланың атын, киімнің атын атап берулері керек.

Жүргізуші:
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша.

Қыздарымыздың орындауында « испан» биі.

Жүргізуші: 
Мектепке енді барасын
Оқисың, сауық құрасың,
Алыс емес арамыз
Бақшаға келіп тұрарсың!




Ернұр:
Тәрбиеші апайларды
Тыңдаймыз, жақсы көреміз
Топ ішінде , далада
Бірге ойнап жүреміз.

Айбек:
Балабақша үйіміз
Қимай сені барамыз.
Оқып, билеп, ән салып,
Үйрендік біз барлығын.

Жүргізуші:
Балалар, сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырсыңдар. Сендерге білім кілтін табыс еткелі отырған қонағымызды ортаға шақырайын. (Ортаға музыка әуенімен Білім ханшайымы шығады)

Білім ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме ,балалар! 
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар,
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар!
Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып.
Мұхиттарды жалғаңдар!
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар
О, жараңдар, жараңдар,
Қане мұнда қараңдар!
Олай болса, балалар, тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер!

Бәрі бірге: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!

Білім ханшайымы бір балаға білім кілтін табыс етеді.

Жүргізуші:
Әжеміз бен бабамыз,
Әкеміз бен анамыз
Бәрі – мектеп түлегі
Біз де оқуға барамыз!
Жасмин:
Бақшамызда үлкен той,
Қонақтарым біліп қой
Сондықтанда тұрмайық,
« Қоштасу » әнін жолдайық!

« Біз мектепке барамыз » әні

Жүргізуші:
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айтып бітейін?
Қабыл алшы біздердің,
Бүлдіршіннің сыйлығын!
Ортада « Ақ көгершін» 2-сәбилер тобы, қарсы аламыз!

Ән: «Кең дала » (Адия, Арнұр, Амира)

Ернұр:
Сүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!

Зере:
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Алыңдар терең білімді
Сәтті болсын жолдарың! – деп сыйлықтарын сыйлайды.

Ата- аналарға алғыс хат беріледі.

Жүргізуші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман- есен, мықты болсын
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын,
Мектепке барар қадамдарың құтты болсын!

Құрметті ата- аналар, балабақша ұжымы! Бүгін жылдар бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп, бөбекжайымыздың 2014 жылғы түлектерін балабақшадан шығарып салғалы отырмыз. 
Сөз балабақшамыздың әдіскері Апбасова Гүлсім Қабытайқызына беріледі.
Түлектеріміздің ата- аналарына сөз беріледі. 

Жарияланған күні: 27-11-2014  
Оқылған саны: 3560



БІЛІМ БАСТАУЫ БӨБЕКЖАЙДА

Бөбекжай  алаңында 1 қыркүйек білім күніне арналған  «Білім бастауы-бөбекжайда» мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекені бөбекжай директоры бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтап өзінің тілегін айтты. Қазақстан Республикасының гимнімен басталып, бөбекжай бүлдіршіндері жылы лебізін  айтып, мерекелік әндерін шырқап, билерін биледі. Қыркүйектің 05– 12 аралығында  «Қазақ тілі -Қазақстанның болашағы!» атты тіл апталығы өтті.Ересек топтар арасында «Отаным Қазақстан» тақырыбында  мәнерлеп оқу...

Жарияланған күні: 12-09-2017  
Оқылған саны: 114

БІЛІМ БАСТАУЫ-БӨБЕКЖАЙДА

icon«Білімнің бастауы – бөбекжайда»(мерекелік шара)Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір білім...

Жарияланған күні: 01-06-2015  
Оқылған саны: 3385

МЕРЕКЕЛІ,БЕРЕКЕЛІ-АЛТЫН КҮЗ

1.Жүргізуші: Тоңазып отырыпКөп жеміс піседіСарғайып жапырақСудырап түседі.Үстінде егінжайСалқын жел соғады.Гүл,жапырақ шөптер деҚурап солады.Айтындаршы балаларБұл қай кезде болады?Балалардың жауабы. /Күзде/Балалар орындарына отырады.2.Залға сазды әуенімен Күз кіреді. Амансыңдар ма балалар,Ерінбестен еңбек етіп келетін.Еңбекшіге бар жемісін беретін,Мен –Алтын күзЫнтымақты елімеБерекелі ырыс болып енетін.Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді...

Жарияланған күні: 29-05-2015  
Оқылған саны: 2917

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕЛБАСЫ

iconМақсаты:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік беру.Отанын сүйуге,елі сүйген елбасымыздан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілік:Елбасы жане рәміздеріміздің суреті, «Ақорда» суреті.Слайд. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.  Амандасу шеңбері: -Күніміз шуақты болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Елімізде тыныштық болсын!  Әнұран: (балалар әнұран айтады) -Балалар казір жылдың қыс мезгілі, бүгін қыстың алғашқы айының,ең алғашқы күні. –Балалар қыс...

Жарияланған күні: 22-05-2015  
Оқылған саны: 9431

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ

Тәуелсіз елім-Қазақстан Елім менің, тәуелсіздік жерім менің, Күннен алған шуақты өмір демің. Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп, Көк байрағың төбемнен көрінген күн! Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан! Міне, бүгінгі күн, бүгінгі қуаныш,бүгінгі мереке,біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың аңсап,армандап, сол арманның орындалған күні. Яғни Еліміз 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз республика болып жарияланды. Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балалар....

Жарияланған күні: 08-05-2015  
Оқылған саны: 3093

ЖАҢА ЖЫЛЫМ ҚОШ КЕЛДІҢ

iconЖүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Еркем - ай» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады) (музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз...

Жарияланған күні: 20-03-2015  
Оқылған саны: 1612

ТУҒАН КҮНІҢМЕН БАЛАҚАЙ

iconМақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке,досттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар, тақпақтар,өлеңдер айтқызу. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер «Туған күніңмен, досым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Туған күн бүл тамаша Би билейміз жараса Туған күнде ән салып Көңілденеміз...

Жарияланған күні: 06-03-2015  
Оқылған саны: 2058

АНАЛАР-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым» Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Ертеңгіліктің барысы: Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде...

Жарияланған күні: 13-02-2015  
Оқылған саны: 1525

АРМЫСЫҢ,ӘЗ НАУРЫЗ!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;  Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге  тәрбиелеу;  Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.  Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.  Барысы:  І Кіріспе  Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:  «Наурыз құтты болсын!»  «Жыл басы- наурыз!»  «Наурыз...

Жарияланған күні: 26-12-2014  
Оқылған саны: 2117

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ

Мақсаты:Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Барысы:Жүргізуші: Бірінші мамыр!Достықтың ұлы мейрамыТоғысар сенде жандардың ізгі ойларыТатулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 -...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 3184

ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАБАЛАР

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Ән: Ән ұран.Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 1647

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

iconСаз залы әсем безендірілген , көңілді әуен ойналып тұрады, ересектер тобының бүлдіршіндері жұппен бір ұл, бір қыз болып, қол ұстасып залға кіреді. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата- аналар, балабақша ұжымы! Бөбек - жайымыздың 2014 жылғы түлектерінің « Балабақшамен қоштасу мерекесіне » қош келдіңіздер!Біздің түлектеріміз өмірге араласпақшы. Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз....

Жарияланған күні: 27-11-2014  
Оқылған саны: 3560