ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАБАЛАР

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.
З. Нұрхан.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Айзере.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Ислам.
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Диас
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Жарқынай.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Дияр.
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Ажар.
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Адия.
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Самғат.
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
Әлішер.
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.
Жамиля.
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.
Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: Бұл шақта.
Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды. 

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 1648



БІЛІМ БАСТАУЫ БӨБЕКЖАЙДА

Бөбекжай  алаңында 1 қыркүйек білім күніне арналған  «Білім бастауы-бөбекжайда» мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекені бөбекжай директоры бүлдіршіндерді білім күнімен құттықтап өзінің тілегін айтты. Қазақстан Республикасының гимнімен басталып, бөбекжай бүлдіршіндері жылы лебізін  айтып, мерекелік әндерін шырқап, билерін биледі. Қыркүйектің 05– 12 аралығында  «Қазақ тілі -Қазақстанның болашағы!» атты тіл апталығы өтті.Ересек топтар арасында «Отаным Қазақстан» тақырыбында  мәнерлеп оқу...

Жарияланған күні: 12-09-2017  
Оқылған саны: 114

БІЛІМ БАСТАУЫ-БӨБЕКЖАЙДА

icon«Білімнің бастауы – бөбекжайда»(мерекелік шара)Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі кездесуіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір білім...

Жарияланған күні: 01-06-2015  
Оқылған саны: 3385

МЕРЕКЕЛІ,БЕРЕКЕЛІ-АЛТЫН КҮЗ

1.Жүргізуші: Тоңазып отырыпКөп жеміс піседіСарғайып жапырақСудырап түседі.Үстінде егінжайСалқын жел соғады.Гүл,жапырақ шөптер деҚурап солады.Айтындаршы балаларБұл қай кезде болады?Балалардың жауабы. /Күзде/Балалар орындарына отырады.2.Залға сазды әуенімен Күз кіреді. Амансыңдар ма балалар,Ерінбестен еңбек етіп келетін.Еңбекшіге бар жемісін беретін,Мен –Алтын күзЫнтымақты елімеБерекелі ырыс болып енетін.Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді...

Жарияланған күні: 29-05-2015  
Оқылған саны: 2917

ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕЛБАСЫ

iconМақсаты:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік беру.Отанын сүйуге,елі сүйген елбасымыздан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілік:Елбасы жане рәміздеріміздің суреті, «Ақорда» суреті.Слайд. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.  Амандасу шеңбері: -Күніміз шуақты болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Елімізде тыныштық болсын!  Әнұран: (балалар әнұран айтады) -Балалар казір жылдың қыс мезгілі, бүгін қыстың алғашқы айының,ең алғашқы күні. –Балалар қыс...

Жарияланған күні: 22-05-2015  
Оқылған саны: 9431

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ

Тәуелсіз елім-Қазақстан Елім менің, тәуелсіздік жерім менің, Күннен алған шуақты өмір демің. Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп, Көк байрағың төбемнен көрінген күн! Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан! Міне, бүгінгі күн, бүгінгі қуаныш,бүгінгі мереке,біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың аңсап,армандап, сол арманның орындалған күні. Яғни Еліміз 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз республика болып жарияланды. Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балалар....

Жарияланған күні: 08-05-2015  
Оқылған саны: 3093

ЖАҢА ЖЫЛЫМ ҚОШ КЕЛДІҢ

iconЖүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Еркем - ай» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады) (музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз...

Жарияланған күні: 20-03-2015  
Оқылған саны: 1613

ТУҒАН КҮНІҢМЕН БАЛАҚАЙ

iconМақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке,досттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар, тақпақтар,өлеңдер айтқызу. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұжымдастар, кішкентай бүлдіршіндер «Туған күніңмен, досым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Туған күн бүл тамаша Би билейміз жараса Туған күнде ән салып Көңілденеміз...

Жарияланған күні: 06-03-2015  
Оқылған саны: 2058

АНАЛАР-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым» Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б Ертеңгіліктің барысы: Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде...

Жарияланған күні: 13-02-2015  
Оқылған саны: 1526

АРМЫСЫҢ,ӘЗ НАУРЫЗ!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;  Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге  тәрбиелеу;  Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.  Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.  Барысы:  І Кіріспе  Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:  «Наурыз құтты болсын!»  «Жыл басы- наурыз!»  «Наурыз...

Жарияланған күні: 26-12-2014  
Оқылған саны: 2118

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ

Мақсаты:Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Барысы:Жүргізуші: Бірінші мамыр!Достықтың ұлы мейрамыТоғысар сенде жандардың ізгі ойларыТатулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 -...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 3184

ЕЛ ҚОРҒАҒАН БАБАЛАР

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Ән: Ән ұран.Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің...

Жарияланған күні: 12-12-2014  
Оқылған саны: 1648

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

iconСаз залы әсем безендірілген , көңілді әуен ойналып тұрады, ересектер тобының бүлдіршіндері жұппен бір ұл, бір қыз болып, қол ұстасып залға кіреді. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата- аналар, балабақша ұжымы! Бөбек - жайымыздың 2014 жылғы түлектерінің « Балабақшамен қоштасу мерекесіне » қош келдіңіздер!Біздің түлектеріміз өмірге араласпақшы. Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз....

Жарияланған күні: 27-11-2014  
Оқылған саны: 3560