Директордың жеке мәліметтері

Тұрлан Зейнет Тұрланқызы - 28.05.1970 жылы туылған, ұлты-қазақ, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды селосында туылған.

Мақсаты: Толыққанды ,болашақ ұрпақ тәрбиесі және өзімнің өмірден оқып-үйренгенімді, тәжірбиемді болашақ ұрпаққа жеткізу.

Білімі : Жоғары.
1. 1992 жылы Атырау педагогикалық институтын бітірген.
2. Еуразиялық академиясының құқтық бөлімінің Құқықтану мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолдары:

09.1987-06.1992 жылы Атырау педагогикалық институтының студенті.

08.1992 -11.1993 ж. №3 Жетібай орта мектебінің мұғалімі.

11.1993-03.1994 ж.Маңғыстау ОІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік сақтау бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция инспекторы.

03.1994-07.1996ж. Қарақия АІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция инспекторы.

07.1996-04.2001ж.Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның әкімшілік тәжірбие және бақылау бөлімінің инспекторы.

04.2001-06.2001ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның тіркеу -есепке алу және статистикалық жұмыс аға инспекторы.

06.2001-12.2002ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның ақпараттық бөлімінің аға инспекторы.

12.2002-04.2004ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның қылмыстық ақпараттар бөлімінің аға инспекторы.

04.2004ж-10.2005ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның техникалық ақпараттар бөлімінің инженері.

10.2005-02.2006ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның техникалық ақпараттар бөлімінің бастығының орынбасары.

02.2006-03.2010ж. Маңғыстау обл.Ақтау ҚІІБ-ның техникалық ақпараттар бөлімінің бастығы.

03.2010 бастап «Үздіксіз қызмет атқарған жылдары үшін » ҚР ІІМ-нің зейнеткері.

07.2011- күні бүгінге дейін Құрама үлгідегі №28 «Балдәурен» балабақшасы МКҚК-нің директор қызметін атқарады.

1993-2010 жылдарындағы еңбек жолдарында адал, мінсіз қызметтері үшін

төмендегідей марапаттарға ие:

құрмет грамотасымен -2рет,ақшалай сыйлық -16 рет, алғыс хат -2рет,I,II,III-ші дәрежелі «ІІО мінсіз қызметі үшін» медальдармен,II-ші дәрежелі маман, I-ші дәрежелі маман- тәлімгер.

2011жылдың 01-06 маусым аралығында Маңғыстау ОББҰ қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру» өз біліктілігін көтерді.

2011жылдың қараша айында «Қосымша білім беру жүйесі жағдайында мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің заманауи үлгісі»атты Республикалық семинар-кеңеске қатысқан.

2012ж.сәуір айында «Алқа»ғылыми-білім беру орталығында,мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жұмыс атқару бойынша кадрларды ( мектепке дейінгі мекеме меңгерушілерін) қайта дайындау курсын бітірген.

23.04.-28.04.2012 ж.Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университеті біліктілікті арттыру институтында «Тұлғаралық оқытуға бағыттау және қарым-қатынас психологиясы» курсынан өткен.

10.04.-20.04.2012ж.арлығында Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университеті біліктілікті арттыру институтында «Психологиялық қызметтерді ұйымдастыру» курсынан өткен.

10.09-15.09.2012 аралығында Маңғыстау ОББҰ қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында«Мектепке дейінгі білім беру қызметіне мониторинг жұмысын енгізу әдістері » өз біліктілігін көтерді.

03.12-11.12.2012 аралығында «Ақыл-ойы және бітімі дамуының бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту» орталығында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивтік/ кіріктіре оқытуды ұйымдастыру » курсын бітірген.

04.11-13.11.2013ж аралығында, Маңғыстау ОББҰ қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында "Психологиялық даму ерекшеліктеріндегі ауытқушылықтарға байланысты жүргізілетін коррекциялық жеке жұмыстар" курсынан өткен.

2013 жылдың тамыз айында Step by Step инновациялық әдістемесі бойынша "21 ғасырдың білікті педагогы" курсын бітірген

Ұстанымы: Тәртіп болмаған жерде, тәрбие болмайды. Жауапкершілік,ұқыптылық, ізденімпаздық, еңбексүйгіштік.