Бөбекжай туралы мәлiмет

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК

«Балапан» бағдарламасы негізінде , Ақтау қаласы әкімдігінің  2009   жылдың 26-шы наурызындағы  № 321 қаулысымен  «Құрама үлгідегі №28 «Балдәурен » балабақшасы  мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны» құрылып, күрделі жұмыстары жүргізіліп , 2010 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Бөбекжайдың жылдық міндеттері

1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың экологиялық мәдениеттілігі мен экологиялық сауаттылығын қалыптастыру. Қоршаған ортаны  қорғауға баулу; 

2. 1.Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың экологиялық мәдениеттілігі мен экологиялық сауаттылығын қалыптастыру. Қоршаған ортаны  қорғауға баулу; 

Кәсіпорында екі жастан алты (жеті ) жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Оқу қызметі  жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.   Бөбекжайда таңертеңгі 8.00-ден кешкі  18.30-ге дейін  топтар жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда 10 топпен оқу қызметі жұмыстары  жүргізіледі. Бөбекжайда  жас  ерекшелігіне сай,  яғни  ІІ- кіші тобында 3 жастан 4 жасқа дейінгі сәбилер 4 (төрт)  топ, ортаңғы тобында 4 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер  3(үш) топ, ересектер тобында 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 3(үш) топ   бүлдіршіндері тәрбиеленуде.

Бөбекжайда  оқу қызметі   жұмысын  жүйелі, өз деңгейінде жүргізу  үшін,  арнайы  мектепке дейінгі білім беру мамандары және жеке пән мамандары  қызмет етеді. Топ  тәрбиешілерімен  қатар,  бейнелеу өнер  маманы,   ән-саз жетекшісі, ағылшын тілі маманы, орыс тілі маманы, дене тәрбиеші нұсқаушысы,  хореограф, екі  мейірбике,  бір  әдіскер  қызмет  етеді.

Балабақшадағы 25педагогтың  16- педагог  жоғары   оқу орындарын бітірген мамандар, 9-педагог арнаулы орта маман. Бейнелеу  өнері  маманы  арнайы  көркем  өнері  бөлімін  бітірген. Бөбекжайдағы тәрбиеленушілерді оқу қызметі барысында қолданылатын көрнекіліктер, ұжым педагогтарының өз қолдарымен жасалынып, әдістемелік құралдармен бөбекжай кітапханасы толықтырылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 «Балдәурен» бөбекжайы оқу қызметі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бағдарламасымен жұмыс жасайды. 2017-2018 оқу жылынан бастап, жаңа стандарт пен жас ерекшеліктеріне сай қылып  бағдарламасымен толықтырылды.

Бөбекжайымыз алға  қойған  мақсаттар  мен міндеттерді  негізге  ала  отырып,  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен оқу қызметімен  қатар,  ойната  отырып, саналы, салауатты  және балалардың  адамгершілік- патриоттық сезімін қалыптастыру  жүзеге  асырылуда.

Орналасқан жері: 130000  11 шағын аудан, Ақтау қаласы ,    Маңғыстау облысы

Бөбекжай сыйымдылығы: 280 орын

Ғимараттың салынған уақыты: 1973 жыл

Күрделі жөндеу жүргізілді: 2009-2010 жылдары күрделі жөндеу     жұмысына 188 464,0 млн теңге жұмсалған.

Бөбекжай  директоры: Тұрлан Зейнет Тұрланқызы

Еңбек өтілі: 21 жыл

«Балапан» бағдарламасы негізінде , Ақтау қаласы әкімдігінің  2009   жылдың 26-шы наурызындағы  № 321 қаулысымен  «Құрама үлгідегі №28 «Балдәурен » балабақшасы  мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны» құрылып, күрделі жұмыстары жүргізіліп , 2010 жылдың сәуір айында іске қосылды.

Материалдық базасы:

  •     Жабдықталған топ - 10
  •     Дене тәрбиесі залы – 1
  •     Ән-саз залы-1
  •     Өзін-өзі тану кабинеті-1
  •     Орыс тілі кабинеті-1
  •     Ағылшын кабинеті-1
  •     Бейнелеу өнері кабинеті-1

Оқыту  : Мемлекеттік тілде

Бөбекжай толықтай материалдық құрылғылармен жабдықталған, бөбекжайда өрт қауіпсіздігінен сақтандыратын сигнал құрылғысы, суару системасы, асхана, кір жуу, медициналық кабинетпен толық жабдықталған бөлмелері бар және бейне бақылау жүйесі қондырылған

Жалпы шаршы алаңы: 1,3587га
Партиялық топ: «Бөбек» МДБҰ кәсіпдақ ұйымы
Кәсіподақ төреайымы: Джолдасбаева Құралай Оңғарқызы
МДБҰ «Бөбек» партия мүшесі – 40 адам.

Жарияланған күні: 13-07-2015